Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақ альманағы» альманағының тұсаукесер рәсімі өтті

4 Наурыз 2009 | 6:24

Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер жақында жарық көрген «Қазақ альманағы» альманағының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған зиялы қауым өкілдері көптеп қатысты.
Ақпарат айдына қосылған интеллектуалды басылым «Қазақ альманағы» деп аталады. Альманах Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен жарық көруде.
260 беттік жаңа басылымның өзегі қазақты дамытуға бағытталған тұжырымды, сүйекті материалдар болмақ. «Қазақ елінің тұрақтылығы мен мәңгілігі ең бірінші қазақ халқының жауапгершілігіне байланысты. Сондықтан қазақ мемлекет құраушы ұлтқа айналуы қажет. «Қазақ альманағының» көтеретін мәселелерінің негізгісі осы болмақ», – дейді басылым бас редакторы Берік Әбдіғалиев.
Альманахтың алғашқы санына мемлекет басшысының әр уақытта айтқан ұлқа қатысты парасатты пайымдары мен өзекті ойлары енген. Сонымен бірге Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғараұлы, Амангелді Айталы, Болатхан Тайжан, Әзімбай Ғали сынды өзге де ұлт зиялыларының материалдары және ұлт батыры Тоқтар Әубәкіровтің сұхбаты жарияланып отыр.
Тұсаукесер рәсіміне қатысқан зиялы қауым өкілдері басылымның бағыты мен мұратына қолдау көрсетіп, «Қазақ альманағының» мінберінен жиі пікір білдіретіндерін жеткізді.
«Қазақ альманағы» тек қазақтілді қауымның ғана емес, қазақ мүддесін көздеп жүрген орыстілді қауымның да пікір-талас алаңына айналуды көздейді» – дейді Бас редактор.
Альманахты әзірше тек «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады. Алдағы күндері басылым «Қазпошта» арқылы қалың оқырманның қолына жетпек.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз-қызметі тел:+ 7 (7172) 74-36-97