Мемлекеттік тілді дамыту қоры орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасын арттыруға мұрындық болмақ.
Орыс мектептері мен мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқытудың деңгейін қалай көтереміз? Қоғамның өзекті мәселесіне айналған осы сауал бүгін елордамыздың №56 мектебінде Мемлекеттік тілді дамыт қоры мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен “дөңгелек үстелде” талқыланды.
Орыс мектептері мен мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқытудың деңгейін қалай көтереміз? Қоғамның өзекті мәселесіне айналған осы сауал бүгін елордамыздың №56 мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен “дөңгелек үстелде” талқыланды. Жиынға қатысқан қазақтану ғалымдары, қазақ тілі пәні мұғалімдері және сарапшылар осы мәселеге қатысты тұшымды ойларын ортаға салды.
“Мемлекеттік тілді білмейтін тәуелсіздіктің құрдастары өсіп келеді. Өкініштісі, бұл үрдіс әлі күнге сақталуда. Сондықтан бүгінгі тіл саясатының басты түйткілдерінің бірі – орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасын арттыру”, – дейді қор директоры Берік Әбдіғалиев.
Ал ол үшін ең басты мәселе – мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне көңіл бөлу, осы бағытта нақты жұмыс атқару қажет екенін аттап өтті ол. Сондықтан қор директоры аталған мәселелерді ретімен шешу үшін қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығын құру керектігін алға тартты. Қауымдастық мұғалімдердің деңгейін көтерумен бірге оқушылардың мектеп қабырғасынан отан сүйгіш патриоттық тәрбие алып шығуына атсалысатын болады. Сонымен бірге бұл ұйымның мойнына ата-аналар арқылы да жұмыс істеу міндеті жүктеледі.
“Егер орыс мектептерін бітірген талапкер тым құрыса, қазақ тілін тұрмыстық деңгейде біліп шықса, ол олардың болашағына, қызметтік өсу сатысына өз үлесін қосар еді”, – дейді қор директоры.
Жақын күндері қор мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытудың озық әдістемесіне байқау өткізуді жоспарлап отыр.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасы
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасы
4 Наурыз 2009 | 6:15