Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанда қазақ тілінде балаларға арналған web-сайт құрылды

21 Маусым 2011 | 5:41


21.06.2011
ҚазТАГ
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры балаларға арналған қазақ тіліндегі balbulaq.kz web-сайтын құрып, ашты.

«Бұл web-сайт 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған шаралар аясында жасалды», — деп хабарлайды сейсенбі күні ҚМГ-ның баспасөз қызметі.

Компанияның ақпаратына сәйкес, портал 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған. Сайтта бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік материалдарды, халық ертегілерін, аңыздары мен мифтерін, мультфильмдерді, басқа да ақпараттық-танымдық материалдар орналастыру жоспарланып отыр.

«Бүгінгі күні Қазнетте балалардың дамуына ықпал ететін, оқытатын қазақ тіліндегі арнайы сайт жоқ… Біздің бастамамыз жалғасын тауып, balbulaq.kz-нің тұрақты пайдаланушылары пайда болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті қазақ журналистерінің «Назар» қоғамдық қорының президенті Мірсаид Байтілес, оның сөздері ақпаратта келтіріліп отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.