Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын саланың мақсаттары талқыланды

17 Наурыз 2011 | 6:06

2011 жылғы 16 наурызда Астана қаласында Мәдениет минстрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын саланың мақсаттары талқыланды.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед жиынға қатысушылардың назарын Жолдауда көрсетілген тілдерді дамыту мәселесіне аударды.

«Біздің міндетіміз — 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», — деп Елбасы нақты бағыт-бағдар берді. Біз осы мақсатқа жету жолында тиісті шараларды атқарып, үстіміздегі жылдың өзінде-ақ әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану, терминология саласындағы жұмыстарды жетілдіруге қатысты қомақты істерді мықтап қолға алуымыз қажет. Бұл әзірлеулер қазақстандықтардың барлық жас тобын қамтуы тиіс, — деп атап көрсетті министр.

Қоғамдық өмірдің маңызды деген он саласын қамтитын қосымша аудиокурстары бар тілашарлар, терминологиялық сөздіктер мен барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне қажет жалпықолданымды әдебиеттер жаппай таралыммен шығарыла бастайды. Балалар мен ересектерге арналған оқыту бағдарламалық өнімдерді жасау қолға алына бастады. Телевизиялық оқыту бағдарламалары, реалити-шоу мен басқа да біршама жоба іс жүзіне асырылу үстінде. Бірқатары мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп атқарылмақ.

Елбасының Жолдауынан туындайтын тағы бір маңызды іс-шара ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуге байланысты шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық жағының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету болып табылады деп атап көрсетті министр.

«Фильмдердің, опера және балет қойылымдарының премьераларын, шығармашылық ұжымдарының гастрольдерін, кең ауқымды қоғамдық-саяси іс-шараларды, тілдік саясат саласындағы акциялар және көрмелердің өткізілуі, қазіргі заманғы технологиялар негізінде мұражай және кітапхана жұмыстарын дамыту, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мемлекеттері басшыларының мерейтойлық саммиті және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан өнер шеберлерінің концертін, ШЫҰ елдері өнер шеберлерінің фестивалін, Достастық елдері басты орындаушылары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт қойылымдарын ұйымдастыру – Тәуелсіздігіміздің мерейтойы қарсаңында қосқан сүбелі үлесіміз бен Отан алдындағы азаматтық борышымыз болмақ», — деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.