Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

9 Ақпан 2011 | 8:48

09.02.11
Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген сәтінен басталған даму кезеңінің қай-қайсысында болмасын Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын.

Үкімет осы Заң баптарын жүзеге асыруда тиісті шешімдер мен қаулы-қарарлар қабылдады. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Ана тілімізді өркендетуге бағытталған игі шаралар мен құжаттардың бәрі осы өткен жылдар жемісі. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мәдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес.
Елбасы қазақ тілінің ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін » …әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.», мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы әлеуметтік мәртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз… қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі», «..өз тілімізбен өмір сүрейік!» — бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», қазақ тілінің айқын келешегі мен алар орнын «… Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады» деп көрсетіп, нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сәуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды.
Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың санын 2017 жылға қарай 80 пайызға, ал 2020 жылы кем дегенде 95 пайызға жеткізуді тапсырды.
Еліміздегі тіл саясатына қатысты айқын мақсат — Елбасы алға қойған міндеттерді пәрменді түрде іске асырып, барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейін белгіленген межеге жеткізу. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеуіне заңнамалық, құқықтық, технологиялық, іскерлік, ғылыми-әдістемелік жағынан барынша жағдай жасалған. Енді тілді тек үйретіп қана қоймай, алған білімдерін, үйренген дағдыларын тексеріп, деңгейлерін анықтап, қол жеткен нәтижелерін күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігіне баса назар аудару керек. «Судың да сұрауы бар» демекші, алдағы уақытта «біледі екенсің, өзгелерге үйрет», «үйренген екенсің, сөйле», «оқыған екенсің, жаз» деген талаптар қойылуы қажет.
Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған біздің Мемлекеттік тілді дамыту қоры осы бағытта жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Қор ұжымы жыл аяғында Астанадағы Қазақстан — Ресей университетінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауын ұйымдастырған болатын. Бұл шара арқылы студент жастардың қазақ тілін үйренуіне ықпал етіп, оларды ынталандыруды көздеген болатынбыз. Сонымен қатар байқаудың нәтижесі бойынша қазақ тілін үйрену қиын деген қоғамдық пікірді жоққа шығарғымыз келді және ол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Байқау жеңімпаздары К. Георбелидзе мен В.Теннің «ең бастысы ниет болса, тілді үйренуге әбден болатыны» туралы пікірлері соған нақты дәлел.

Олай болса, «Қай істің өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң, күш керек және тәртіп керек» деген ұлағатты сөз баршамызға ой салмақ. Қазір артқа қарайлайтындай, айналаға жалтақтайтындай заман емес. Мемлекеттік тілді өркендету — барша азаматтың, оның ішінде қазақ ұлтының жұмыла көтеруі тиіс аса жауапты және абыройлы міндеті. Жаһандану заманы, баршаға мәлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешілетіні де дау туғызбайды. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма жылдық жаңа өміріміз де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тәжірибелері де толық дәлел бола алады.
Халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз.

Азат ШӘУЕЕВ,
Мемлекеттік тілді дамыту
қорының директоры

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті 09/02/2011