Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Өзге тілдерге құрметпен қарап, ана тіліміздің дәрежесін көтеру керек — К.Мәсімов

21 Қаңтар 2011 | 9:17


АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ — Өзге тілдерге құрметпен қарап, ана тіліміздің дәрежесін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігіннің өткен жылдағы қорытындысы мен 2011 жылға алға қойған мақсаттарына арналған алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Өзге тілдерге құрметпен қарап, ана тіліміздің дәрежесін көтеру үшін еліміздің барлық азаматтары қазақ тілінде сөйлеуі керек»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бұл тұрғыда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жалпы ұлттық мәдениетіміз ғана емес, сонымен қатар еліміздің рухын көтеру үшін баршамыз бірдей атсалысуымыз қажет екенін қадап айтты.

«Халқымыз ел мәдениеті тілден басталады дейді. Өткен жылы тілдерді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Биыл — бұл бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылы. Осы орайда министрлік мемлекеттік тілді дамытуға айырықша мән беруі тиіс»,-деп түйіндеді сөзін К. Мәсімов.

/Казинформ/