Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқауының қорытындысы шығарылды

22 Желтоқсан 2010 | 6:41

Бүгін Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауды Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар Қанаты Қазақстан-Ресей университетінің (ҚРУ) негізінде ұйымдастырған болатын.

Байқауды өткізуде өзара бірлесе оқып-үйрену қағидаты басшылыққа алынды: ҚРУ-дың мемлекеттік тілде сөйлейтін 20 ерікті студенті өз курстастарын «шәкірттікке» қабылдап, оларға екі айдың ішінде ауызекі қазақ тілін үйретуге тырысты. Байқау алдында әрбір «шәкірттің» тілді білу деңгейін анықтау үшін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді.

Сонымен, байқаудың талап үдесінен кімдер шыға алды? Осындай қысқа мерзімде ауызекі қазақ тілін меңгеру мүмкін бе?

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша жобаға қатысушыларды қайта тексеру нәтижесі және қазылар алқасы мүшелерінің байқауға түскен «шәкірттермен» қазақ тілінде әңгімелесуі мұндай әдіспен тіл үйренудің мүмкін және нақты қолдан келетін іс екенін көрсетті.

Мәселен, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым мен сөйлесім секілді түрлері бойынша үздік нәтижеге аталмыш оқу орнындағы менеджмент факультетінің 2-ші курс студенті Кристина Георбелидзе және информатика факультетінің 1-ші курс студенті Валерий Тен қол жеткізді. Байқау жеңімпаздарына Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнаулы дипломдары тапсырылып, «Beeline» сауда маркілі «Картел» компаниясының «алтын нөмірлі» ұялы телефондары тарту етілді.

Жүлдегерлердің «оқытушылары» — Әсемгүл Байбатырова (менеджмент факультетінің 2-курсы) мен Ақжарқын Қамшының (информатика факультетінің 1-курсы) еңбектері де ескерілді.

Сондай-ақ осы байқауға қатысқан алты «тілдік жұп» арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды (USB-модемдер) иеленді.

«Біз өткізген байқау қазақ тілін үйренуге және еркін сөйлеуге деген ынта-ықыластың болуы — тіл үйренудегі басты шарт екендігін көрсетті. Бұл үздік «әдістеме», және де оны туған елінің тілінің келешегі алаңдататын әрбір азамат пайдалана алады, — деп тұжырымдады байқау қорытындысын жариялаған Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Байқау ұйымдастырушылары алдағы жылдары мұндай іс-шараға жоғары оқу орындарын көптеп тарта отырып, кең ауқымда өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.