Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

ЕЛОРДАДА ЖАС АҚЫНДАР МЕН ЖАЗУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

8 Желтоқсан 2023 | 6:45

787897897899

Нұрсұлтан Назарбаев Қорында дарынды жас ақындар мен жазушылар марапатталды. Мұнда «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл үздік қаламгерлер «Жылдың үздік прозасы»«Жылдың үздік поэзиясы»«Жылдың үздік драматургиясы»«Жылдың үздік балалар шығармасы»«Фантастика жанрындағы үздік шығарма»«Жылдың үздік киносценарийі», сонымен қатар, «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» (арнайы номинация) сынды жеті номинация бойынша анықталды.

b6e482bed303fc270529a1657b0ea9ad6571b37b36666

Әр номинацияның жеңімпаздарына 2 млн. теңге, ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 млн. теңге сыйлықақы беру көзделген.

 «Алтын тобылғы» — Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған маңызды жобасының бірі. Бұл байқауды 2015 жылдан бері өткізіп келеміз, жастар тарапынан қызығушылықтың азаймайтынын көріп отырмыз. Жыл сайын байқауға қатысуға 100-ден астам туынды келеді. Шығармалардың авторлары бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 18-35 жас аралығындағы жандар», — деді марапаттау рәсімі барысында Қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

110d2f1774ac0aa04744f0cc66cb47bc6571b385c1411

Әлкей Марғұланұлының айтуынша, биыл байқауға қатысуға 126 шығарма келіп түскен. Белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшыларынан жасақталған қазылар алқасының мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Өйткені, ұйымдастырушылар атап өткендей, шығармалар бірінен-бірі өтеді. Қазылар алқасы оларды өзіндік ерекшелігіне, көркемдік деңгейі мен тақырыпты жан-жақты терең аша алуына қарап бағалады.

Авторлар шығармасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар – гуманизм, ізгілік, өзара көмек туралы баяндап, халықтың патриотизмін, оптимизмін және мықты ерік-жігерін көрсетеді.

f23e459219d33966dd2cd26010723f5c6571b3ba5422b

Әсіресе, «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясына көп шығарма ұсынылды (26 шығарма). Биыл «Жылдың үздік киносценарийі» және «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» номинациясының жеңімпаздары анықталмады.

«Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары:

- «Жылдың үздік прозасы» номинациясында Диана Мырзағалиева («Оазис среди боли» шығармасы), Нұржан Нұрбек («Өмір» галереясы»);

- «Жылдың үздік поэзиясы» — Әмәлият Арқалық («Өмір қаласындағы өмір»);

- «Жылдың үздік драматургиясы» — Қыдырбаев Ілияс («Шындық пен жалған»);

- «Жылдың үздік балалар шығармасы» — Жадыра Жанарбек («Мен мысық емеспін») және Әлихан Иманғазин («Эллиот»);

— «Фантастика жанрындағы үздік шығарма» Есбол Социалхан («2026» романы).

906933b6e16c23b6d6794b8615d01e976571b38f9b0f8

Бұған қоса, «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясы аясында ынталандыру жүлдесі ретінде 1 миллион теңгені Файзолла Алпамыс («Жүректің жауһар жырлары» шығармасы) алды.

Дереккөз: fnn.kz