Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

QAZCOMICS «GEEK CON 2022» фестиваліне қатысты

7 Қазан 2022 | 7:55

стикер

Қазанның 1-2 күні Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада өткен Geek Con 2022 аниме және гик-мәдениеті фестиваліне қатысып, «Ұлы дала аңыздары» атты комикстерін келушілерге ұсынды. Бұл комикстерде: ер бабаларымыздың рухы, кіршіксіз таза махаббаты, сөз өнері және тарихы көрсетілген. Олар: «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Естай-Хорлан», «Жұмбақтас», «Шайтанкөл», «Айша бибі», «Балқаш»,«Еңлік — Кебек», «Ер Тарғын», «Ер Төстік», «Алпамыс батыр», «Керқұла атты Кендебай», «Нарқыз», «Кенесары-Наурызбай», «Қамбар батыр».

Фестиваль қатысушылары комикс идеясына тәнті болды. Сатып алушылар арасында шетел азаматтары да болды. Олар қазақ елінің тарихын білу мақсатында комикстерді қызыға алды.

Дәл осындай фестиваль жуырда, 23 қазан күні Алматы қаласында AlmaCon – 2022 өтеді. Фестивальға Qazcomics.kz ұлттық комиксі қатысуды жоспарлап отыр.