Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз!

5 Қыркүйек 2022 | 7:02

Құрметті достар!

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз!

Мерекеге арнап  Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle» жобасымен бірлесіп «soyle.kz» инстаграмм желісінде «#Qazaqshakun» челлендж және «Qazaqsha soyle» маскасы функциясын бастады.

2017 жылдан бастап 5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Мерекенің мақсаты – бірлік пен келісім, көпұлтты мемлекетіміздің тілдері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, қазақ тілін дамыту және тарату, өскелең ұрпақты өз ана тілін, өз елін құрметтеуге тәрбиелеу.