Күні кеше «ResmiClub» қазақ тілі клубының аясында ойын түріндегі кездесу өтті. Дана Қамзабектің авторлығымен жасалған «Teztap» танымдық-үстел ойыны барлық қатысушылардың көңілінен шықты.
Әр ай сайын кездесулерімізде қазақ тілін үйренушілердің саны артып келе жатыр. Осы жолы да қазақ тілін үйренемін деген баспасөз қызметкерлері сөз додасында пікіралысты. Көбісі жаңа сөздер үйреніп, жаңа таныстар тауып қайтты. Ойында 5 команда өз білгірліктерін көрсетіп қайтты.
«ResmiClub» кездесулеріне қолдау көрсететін бас серіктесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.