Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Нұр-Сұлтанда «Көркем SOYLE» медиа-тренингі өтті

29 Маусым 2022 | 11:52

29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры жас журналистерге арналған «Көркем SOYLE» медиа-тренингін өткізді. Тренингке 50-ден астам БАҚ өкілдері, радио және теледидар, ақпараттық агенттіктер, баспа және интернет басылымдарының журналистері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді қолдану сауаттылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілді қолдану деңгейін көтеру және жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсету.

Тренинг келесі тақырыптар бойынша өтті: «Қазіргі қазақ телевизиясында және радиожурналистикада мемлекеттік тілді қолдану мәселелері», «Қазақ тілі – қоғаммен байланыс құралы ретінде», «Эфирдегі харизма. Эфир этикасы. Шешендік өнер.», «PR технологиялардағы қазақ тілін қолдану ерекшеліктері».

Тренерлер ретінде белгілі тіл маманы Шерубай Құрманбайұлы, журналистика саласының жетекші мамандары Гүлжазира Берікқызы, Айза Аблаким, Мұхамед-Әли Болатұлы, Сымбат Талғатқызы болды.

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев: «Біздің медиа-тренинг жас журналистердің біліктілігін арттыруға, мемлекетіміздегі кәсіби қазақтілді баспасөзді дамытуға, сөз бостандығы мен ой еркіндігін кеңейтуге бағытталған», — деп атап өтті.

Тренинг барысында қатысушылар қажетті және пайдалы ақпараттар, мамандардан өз сұрақтарына жауап алып, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Соңында әр қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.

photo1656500171 (1)

photo1656500171 (2)

photo1656500171