2022 жылғы 29 маусым күні Нұрсұлтан қаласында Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренингі өтеді.
Іс-шарада БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатысады.
Тренингтің мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді қолдану сауаттылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілді қолдану деңгейін көтеру және жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсету.
Мастер-класс келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Қазіргі қазақ телевизиясында және радиожурналистикада мемлекеттік тілді қолдану мәселелері», «Қазақ тілі – қоғаммен байланыс құралы ретінде», «Эфирдегі харизма. Эфир этикасы. Шешендік өнер.», «PR технологиялардағы қазақ тілін қолдану ерекшеліктері». Әр тақырып бойынша тренерлер және белгілі тіл мамандары мен блогерлер дәріс оқиды.Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификаттар табысталады.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Ә.Бөкейхан көш. 1 А., «Назарбаев Орталығы-2″, Конференц-зал, 3 қабат, 3001 каб.
Өткізу уақыты: 10.00 – 13.00
Аккредиттеу:
Сұрақтар мен өтінімдерді электрондық пошта арқылы жіберу керек:
info@qazaq-found.kz
Байланыс телефондары: 8(7172) 27-26-09; 8 775 547 01 44 (Мадина, WhatApp)
Сайт: www.qazaq-found.kz