Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

АЗАТ ШӘУЕЕВ: «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» — ЖАС АҚЫНДАР МЕН ЖАЗУШЫЛАРҒА ӨЗІН ДӘЛЕЛДЕУГЕ ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

8 Маусым 2022 | 11:00

news-img

Азат Шәуеев: «Алтын тобылғы» — жас ақындар мен жазушыларға өзін дәлелдеуге үлкен мүмкіндік

Құрметті оқырмандар! Біздің «Алтын тобылғы» жас әдебиетшілер байқауы туралы көпшілік сан түрлі сауал қояды.

Басты сұрақтарға байқау комиссиясының мүшесі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы Азат Шәуеев жауап береді.

   — Байқаудың басты мақсаты мен міндеті қандай?

Байқаудың басты мақсаты — заманауи қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. Қазіргі әдебиеттегі жаңа ұрпақтың өмірлік философиясын көрсететін жас жазушыларды анықтауға және ынталандыруға тырысамыз.

   — Байқау қай жылдан бері өткізіледі және қанша адам марапатталды?

Байқау 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Содан бері 44 жеңімпазды анықтадық.

   — Байқау аясында қандай номинациялар бар? Жылда өзгеріссіз қала бере ме?

Дәстүр бойынша «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың үздік балалар шығармасы» номинациялары өзгермейді.

Биыл еліміздің айтулы күндеріне, белгілі қайраткерлерге арналған «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған «Үздік шығарма» арнайы номинациясы бекітілді.

2022 жылдан бастап «Жылдың үздік киносценарийі», «Фантастика жанрындағы үздік шығарма» атты қосымша тағы екі номинация қосылды.

   — Жыл сайын байқауға қанша адам қатысуға ниет білдіреді?

Шамамен 180-200 адам қатысады.

   — Байқауға қатысудың басты шарттары қандай?

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға да қатысуға құқылы.

Бірақ өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары қатыса алмайды.

Іріктеуге бұрын еш жерде жарияланбаған бір автордан екі шығармаға дейін қабылданады.

   — Жүлдеге не беріледі?

Номинациялар бойынша жеңімпаз әдеби сыйлықтың лауреаты атанып, 2 млн теңге көлемінде сыйлық және «Алтын тобылғы» медалін алады.  Арнайы номинация жеңімпазына 3 млн теңге беріледі.