2022 жылдың 29 мамырында Soyle командасы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін «Resmi Club» ресми қазақ тілін қолдану бойынша кездесу өткізді.
Спикер ретінде нейролингвист Айгерим Хопур шақырылды.
Қатысушылар өздерін 1 минут ішінде «лифттегі презентация» арқылы таныстырды. Сондай-ақ, жаңа лексика мен сөйлеу құрылымдарын үйренуге және бекітуге арналған рөлдік іскерлік ойындар болды.
Бас серіктес-Samruk-Kazyna Trust.