Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 Сәуір 2022 | 11:31

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жариялап, жас ақындар мен жазушылардың танылуына мүмкіндік береді.

аа

Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау.

Сыйлық конкурстық негізде төмендегі номинацияларға беріледі:

- «Жылдың үздік прозасы»;

- «Жылдың үздік поэзиясы»;

- «Жылдың үздік драматургиясы»;

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

- «Жылдың үздік киносценарийі»;

- «Фантастика жанрындағы үздік шығарма».

Сонымен қатар, биыл Қор «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған Үздік шығарма» арнайы номинациясын тағайындады.

Номинация жеңімпаздарына «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріліп, 2 млн.теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 млн. теңге алады.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы.

Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары байқауға қатыса алмайды.

Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Қолжазба А4 форматында, Times New Roman 14 шрифтімен 1 аралықта ресімделуі тиіс. Қолжазбаның көлемі:

- проза үшін — кемінде 35 парақ;

- поэзия үшін — кемінде 5 парақ;

- драмалық шығармалар – 30 парақтан аспауы тиіс;

- балалар шығармалары – 25 парақтан аспауы тиіс;

- киносценарий үшін — кемінде 25 парақ;

- фантастикалық шығарма үшін — кемінде 20 парақ;

Шығармалар 2022 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады.

Өтінімнің ережесі мен үлгісі осында жарияланған.

Өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1 А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.

Байқау туралы толық ақпаратты fnn.kz сайтынан немесе 8 (7212) 767012 телефонынан біле аласыздар.