Алғыс айту күні — бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет — еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.
Көктемнің алғашқы күнінде әрқашан жанымыздан табылатын, әр күнімізді бақытты сәттерге бөлейтін отбасымыз бен жақындарымызға алғысымызды білдіруді ұмытпайық.
Барлық оқырмандарымызды, пайдаланушыларымызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Шын ниетпен,
Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Soyle командасы