Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ұлттық аңыздардың желісімен жазылған комикстердің сатылымы басталды

28 Қаңтар 2022 | 1:06

 Сіздерге «Ұлы дала аңыздары» атты комикстердің сатылымы басталғанын асыға жариялаймыз.

Үш тілде жазылған жобаның онлайн нұсқасын  qazcomics.kz сайтынан оқи аласыздар. Комикстердің графикасы шетелдік стильде салынғанымен, түркі колориті тұнып тұр. Қазіргі таңда әлемді жаулап алған жапондық мангалардың қабырғасымен тең.

Сонымен қатар, комикстердің ерекшелігі – ұлттық аңыздар мен эпостардың заман талабына сай өңделіп берілгені. Бұл комикстерде: ер бабаларымыздың рухы, кіршіксіз таза махаббаты, сөз өнері және тарихы көрсетілген. Олар: Ер Тарғын», «Ер Төстік», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс батыр», «Керқұла атты Кендебай», «Айша бибі», «Естай — Хорлан», «Нарқыз», «Жұмбақтас», «Шайтанкөл», «Кенесары — Наурызбай», «Балқаш», «Қамбар батыр», «Еңлік — Кебек». Бүгінгі күннен бастап аталмыш туындыларды «Meloman» дүкендер желісінен сатып ала аласыздар.

Жуырда комикстеріміздің анимациялық нұсқасын «Балапан» телеарнасынан кішкентай оқырмандарымыз көре алады.

1. Естай Хорлан обложка КАЗ

1. ЕР ТОСТИК обложка

 

1. Айша Биби обложка каз