Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

20 Желтоқсан 2021 | 2:00

А т 1

Еліміздің әдебиет саласында қабілетін көрсеткен шығармашыл дарынды жастар аз емес.

Бұған «Алтын тобылғы» республикалық байқауының қорытындысы дәлел. Биыл жетінші рет өткізілген сайысқа жас ақындар мен жазушылардан 156 шығарма түсті. Бұл заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға, жас қаламгерлерді қолдау мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған.

Қатысушылар бес номинацияның бірінің жеңімпазы атануға барын салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы: «Алтын тобылғы» байқауы жыл сайын еліміздің барлық өңірінен дарынды әдебиетшілерді анықтайды. Бұл шығармашыл жастарға қажетті ең сұранысқа ие жобаның бірі. Қатысушылар еңбегінде халықтың құндылығын, тарихын, мәдениетін, адамгершілік қасиетін, тәуелсіздік кезіндегі қазақстандықтардың жетістігін, егемен Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін көрсетті. Байқауға қатысып, қызықты дүниелер көрсеткені үшін әрбір авторға алғыс айтамыз. Сіздердің еңбегіңіз заманауи әдебиетті оқуға, рухани құндылықтарды нығайтуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді», — деп ерекше атады.

 Байқау жеңімпаздары:

А т 2

- «Жылдың үздік прозасы» номинациясы Жәмила Абдуллаева («Ұят, қызым!» романы);

А т 3

- «Жылдың үздік поэзиясы» — Дүйсенәлі Әлімақын («Күзгі кеште гүл есінер»);

А т 4

- «Жылдың үздік драматургиясы» — Әлішер Айтуар («Иллюзия»);

А т 5

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» — Жадыра Байбұланова («Әшекей»);

- «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» — Шапағат Әбдірұлы.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» номинациясының жеңімпазы 3 млн. теңге, ал қалған жеңімпаздарға 2 млн. теңге табыс етілді.

Сілтеме: https://fnn.kz/kz/news/844