Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде!
1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тарихи құжат – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» №1008-XII Конституциялық Заң қабылдады.
Сол күні Қазақ КСР Президенті лауазымына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Еліміздің жаңа тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты.
Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Soyle.kz командасы өз оқырмандарын мерекемен құттықтайды. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық және барлық игі бастамаларыңызға табыс тілейміз!
Әр күніңіз барлық қазақстандықтар мен Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін қуанышқа, жаңа жетістіктер мен табыстарға толы болсын!