Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Студенттер мен магистранттар арасында жыл сайын өткізілетін «Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды

18 Қазан 2021 | 9:51

2

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры екінші рет өткізіп отыр.

Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау болып табылады.

Байқау 17 наурыз бен 1 тамыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

«Байқауды ұйымдастыру арқылы біз ұлы қазақ ойшылы Абайдың мұрасын насихаттауға, дарынды жас ғалымдарды, олардың шығармашылығын анықтауға және қолдауға тырысамыз. Осылайша біз қоғамда халық дәстүрлерін, адамгершілік құндылықтарын және олардың бірегей шығармашылығын нығайтуға ықпал етеміз», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.

Үздік ғылыми жұмыстар:

Студенттер арасында:

I орын және 400 000 теңге сыйақы

- Кадылбекова Зульфира Кадылбекқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық университетінің  4 курс студенті.

II орын және 300 000 теңге сыйақы

  • Әбдіғали Әсел  Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  2 курс студенті;
  • Макатова Аягоз Артуровна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4 курс студенті.

III орын және 200 000 теңге сыйақы

  • Әбдуәлиева Елікай Алдиярқызы, Еуразия гуманитарлық институның 4 курс студенті;
  • Касенова Талшын Талғатқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3 курс студенті;
  • Қамшыбек Ахмет Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің 2 курс студенті.

photo1634550314

Магистранттар арасында:

I орын және 500 000 теңге сыйақы

  • Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты.

II орын және 400 000 теңге сыйақы

  • Досыбекова Қымбат Балғабайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс магистранті;
  • Есмаханова Гульзира Нұрғалиқызы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранті;

III орын және 300 000 теңге сыйақы

  • Бауыржанова Эльза Бауыржанқызы, Х.Досмхамедов атындағы Атырау университетінің 1 курс магистранты
  • Зұбира Тұрсынбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің 2 курс магистанті;
  • Мухамадиева Сәния Сәрсенбайқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранты.

Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.

Баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілді дамыту қоры

e-mail: info@qazaq-found.kz

Телефон: 27-26-09