Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Вебинар: «Онлайн оқытудың әдістері»

13 Қыркүйек 2021 | 11:14

Soyle logo-02

Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Soyle.kz» порталы  үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегі күні сағ.17:00-де еліміздің мұғалімдеріне онлайн оқытудың әдістерін үйрету мақсатында ZOOM арқылы онлайн бейнесабақ (вебинар) өткізеді.

Бейнесабақтың қорытындысы бойынша тестілеуден өткен қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылады.

Вебинарға тіркелу үшін қатысушы Мемлекеттік тілді дамыту қорының электронды поштасына (info@qazaq-found.kz) 22 қыркүйекке дейін аты-жөні мен ұялы телефон нөмірін жіберу керек.

Вебинар Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қорының қолдауымен өтеді.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі

Тел. 8 7172 57 95 18