Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Ұлы дала аңыздары» комикстері мен «Тәтті алма» әдеби жинағының тұсаукесері

23 Қараша 2020 | 8:46

PHOTO-2020-11-23-11-27-20

Бүгін «Nazarbayev ortalygy» дамыту орталығының жаңа ғимаратында  «Тәтті алма» әдеби жинағының VI томы мен «Ұлы дала аңыздары» комикстерінің тұсаукесері өтті. Шараға қонақ болып «Балапан» телеарнасының жүргізушілері мен жаңа дамыту орталығының оқушылары келіп қатысты. Тұсаукесердің алдында «Ер Төстік батыр» мен «Кенжекей ару» балаларға ғимараттың әдемі жерлерін көрсетіп, лаундж-залға шақырды. «Тәтті алманың» базарлығы, қызылды-жасылды комикстер әдемі безендірілген орынның көркін кіргізіп, қатысушыларды қуантты.

Балалар Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры шығарған «Тәтті алма» әдеби жинағының VI томы мен үштілдегі комикстермен танысты. Осы уақытқа дейін әдеби жинақ өзінің жеке брендін қалыптастырып үлгерген. Бұның себебі, жылдар бойғы тұрақтылық пен мағыналы мазмұнында. «Тәтті алмада» алғашқы томынан бастап мейірімділік пен қоршаған ортаға деген махаббатқа баулитын әңгімелер, нешетүрлі қиял-ғажайып ертегілер, қызықты сахналық қойылымдар мен заманауи ақындардың өлеңдері жарық көрді. Сонымен қатар, балалар әдеби жинақты «Tattialma.kz» мобильді қосымшасы мен сайтынан оқи алады. Жинақтың 1-2 томы Елбасының Мемлекеттік тілді дамыту қорына тіл жайлы жобаларды іске асыруға сыйға тартқан  қаражатына жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған игі мақсаттарды жүзеге асыру аясында, Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани жетістіктерін дамытуға бағытталған жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осыған орай, «Ұлы дала аңыздары» (Легенды великой степи) онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясын әзірлеуді қолға алып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасын іске қосқан. Ал биылғы жылы комикстерді үш тілде баспа бетіне шығарды.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен  қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Аңыздар мазмұны Қазақстанның киелі орындарының тарихымен астасып жатыр, әңгімелер арқауы көпшілікке киелі жерлер туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Тұсаукесердің соңында балалар ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беру арқылы сыйлыққа комикстер мен кітаптар алды. Жапондық мангалардың жанкүйерлері болып үлгерген балалардың айтуынша әдемі салынған қазақша мәтіндегі комикстерді бірінші рет көріп тұр екен.

Осы шараға үлкен үлес қосқан «Балапан» телеарнасының кішкентай жұлдыздарына Қор өз алғысын білдіреді.

PHOTO-2020-11-23-11-27-20 (1)