«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры аяқталды, қорытындысы сайттың «II тур нәтижелері» қосымша парағында орналастырылды.
ІІ тур қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылардан 12 адам (7 адам қазақ тілінде ойнағандар, 5 адам орыс тілінде ойнағандар) финалға өтті.
Финал 2020 ж. 11 қарашада сағ. 9:00-де Нұр-Сұлтан қ. «Назарбаев орталығында» өтеді.
Финалда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес 2 топқа бөліп, турнирді өткізеді. Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Финалды ойын ұйымдастырушылардың қадағалауымен өтеді. Финалға өткендерді құттықтаймыз, оларға қорытынды турда сәттілік тілейміз!