«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн турнир жалғасуда.
І тур аяқталды, оның нәтижесі сайттың «I ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ» қосымша парағында орналастырылды.
Ал енді, достар, IІ тур басталады. І тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 120 қатысушы (70 қатысушы қазақ тілінде ойнағандар, 50 қатысушы орыс тілінде ойнағандар) екінші турға өтеді.
Екінші турда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес топтарға бөліп, турнирді бастайды. Әр ойыншы өзінің тобынан 9 ойыншымен ойнайды, барлығы 10 ойын, олар «Ойындар» атты бірінші қосымша парақта тұрады. Ең көп жеңіске жеткен ойыншы финалға өтеді.
Ойынның қорытындысы кесте түрінде «Турнирлер» -> «Байқау» -> «Ойындар» категориясында көрсетіледі.
ІІ тур 2020 жылдың 1 қазанынан 31 қазанына дейін өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09