Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Баян-Өлгий жастарына сыйлықтар тапсырды

23 Шілде 2010 | 9:15


Жуырда бір топ қазақстандық жастар Баян-Өлгий аймағының құрылғанына жетпіс жыл толуына орай Моңғолиядағы қазақ диаспорасының арасында бірнеше күн аялдап, қандастарымыздың хал-ахуалымен танысып қайтты.

Делегация құрамы «Жас Отанның» белсенділерінен және жас өнерпаздардан жасақталды. «Нұр Отан» ХДП қолдауымен және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының тікелей демеушілігімен «Жас Отан» Баян-Өлгий жастарына қаланың ең көрнекті жерінен спорт алаңын сыйлады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік тілді дамыту қорының атынан баянөлгейлік жастарға М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының аудио-дискілері, қазақ тіліндегі көркем және ғылыми әдебиеттер мен түрлі сөздіктер сыйға тартылды.

Мемлекеттік тілді дамыту
қорының баспасөз қызметі