Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Кім білгіш?» онлайн турниріне қатысыңыз!

9 Шілде 2020 | 7:29

2020 qaz

Н.Назарбаев: «Қазақстан баршаға табыс пен өсіп-өркендеуді қамтамасыз ететін өзінің жастарына қажетті білім мен машықтар беруі тиіс».

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 9, 10 және 11 сынып оқушыларын интеллектуалды-танымдық «Кім білгіш?» онлайн турниріне қатысуға шақырады.

Турнирді Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырады.

Турнирдің мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау, қарым-қатынас, зерттеу қабілеттерін дамыту, демалыс уақытында зияткерлік белсенділіктерін арттыру.

«Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бері өткізіліп келеді, өткен жылдан бастап халықаралық дәрежеге ие болды. Алдыңғы жыл ойындарының нәтижесі бойынша республиканың әртүрлі аймақтарынан 40 мектеп оқушысы жеңімпаз атанып, арнайы дипломдар мен  ноутбук, планшет және смартфон сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Кім білгіш?» ойыны:

  • спорт
  • ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр
  • Әлем
  • Қазақстан өнері
  • Қазақстан тарихы
  • Қазақстан табиғаты
  • денсаулық, ғылым тақырыптарындағы сұрақтардан тұратын мобильді қосымша.

Жеңімпаз алты тур қорытындысы бойынша дұрыс жауаптардың жалпы саны арқылы анықталады. Турнир қатысушының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн-турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2020 жылдың 10 шілдесінен 10 тамызға дейін. Онлайн турнирге арнайы байқау парақшасы www.qazaq-found.kz  сайты арқылы қатысуға алдын-ала өтінім жіберген республиканың және шет елдің жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2020 жылы 10 тамыздан 31 қазанға дейінгі аралықта онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур  Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі  2020 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласының «Назарбаев орталығы» ғимаратында өткізіледі. Финалда ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Турнирдің Ережесімен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz, сонымен қатар kto-umnee.qazaq-found.kz сайттары арқылы танысуға болады.

 Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09

 

«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін халықаралық онлайн турнирдің

ЕРЕЖЕСІ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында халықаралық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндетері:

— дарынды балаларды анықтау;

—оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға және оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, олардың есте сақтау қабілеті мен шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

— білімді насихаттау,;

— өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

— әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрі туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

— оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

1.3. Турнир құрылтайшысы — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Байқау өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

1.4. Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың www.fnn.kz және www.qazaq-found.kz, сонымен қатар  http://kto-umnee.qazaq-found.kz/ru сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді 9 категориядан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі. Ойыншы «жеңілу» функциясы арқылы ойынды мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы, алайда оның көрсеткіші ойыннан жеңіліс тапқан болып саналады. Ойын ережесінде алаяқтықтан қорғану жүйесі қарастырылған.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

2.8. Турнирға бұрынғы ойын жеңімпаздары қатыса алмайды.

 

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының http://kto-umnee.qazaq-found.kz/ru сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2020 жылдың 10 шідесінен 10 тамызға дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың және шет елдің жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2020 жылдың 10 тамыздан 30 қыркүйекке дейін онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

    3.6. Екінші тур онлайн режимінде  2020 жылдың 1 - 31 қазан аралығында өтеді. Қатысушылар таңдаған тілге (орысша немесе қазақша, ағылшынша) сәйкес топтарға бөлінеді.

3.7. Қорытынды тур 2020 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға (1, 2, 3 орындар) таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

  1. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

4.2. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.3. Турнирдің қорытындысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында және Қордың ресми сайттарында жарияланады.