Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімі 1 айға ұзартылды

15 Мамыр 2020 | 5:30

87371392_3291645690888127_6722177091632103424_o

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімін ұзартты.

Өтініштер ағымдағы жылдың 25 маусымына дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жеңімпаздар 2020 жылдың шілде айында белгілі болады.

Еске сала кетейік, байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.

Толық ақпарат  https://abaialemi.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, http://fpp.kz/ сайттарында.