«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры аяқталды, қорытындысы сайттың «II тур нәтижелері» қосымша парағында орналастырылды.
ІІ тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 12 адам (7 адам қазақ тілінде ойнағандар, 5 адам орыс тілінде ойнағандар) финалға өтті.
Финал 2019 ж. 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қ. «Назарбаев орталығында» өтеді.
Финалда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес 2 топқа бөліп, турнирді өткізеді. Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Финалды ойын ұйымдастырушылардың қадағалауымен өтеді. Финалға өткендерді құттықтап, оларға қорытынды турда сәттілік тілейміз!