Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Караоке Soyle-мен ән айтып қазақша үйреніңіз!

19 Қараша 2019 | 6:28

karaoke

Сіздердің назарларыңызға karaoke.soyle.kz жаңа жобамызды ұсынамыз, мұнда сіз қазақ тіліндегі сүйікті әндеріңізді айтуға керемет мүмкіндік аласыздар!

Сайттың каталогында классикаға айналған халық әндерімен қатар қазіргі заманғы орындаушылар да бар. Репертуар сәнге айналған танымал әндермен, жаңа туындылармен үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады.

Soyle караокеде ән айту үшін сайтқа тіркелу міндетті емес. Барлық әндер көпшілікке қол жетімді.

Барлық бейнероликтер қазақ тіліндегі мәтінімен қоса ұсынылған, сіз тек қана өзіңіздің сүйікті әніңізді айтып қана қоймай, сонымен қатар қазақ тілін меңгерудегі ең қажетті сөздік қорыңызды арттыруға мүмкіндік береді.

Егер сіздің сүйікті ісіңіз ән салу болса, ән тыңдауға әуес болсаңыз, қазақ тілін қызықты тәсілмен үйренгіңіз келсе, онда бұл бөлім сізге арналады.