Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастарға арналған білім беру инновациялық лагерінің жұмысына қатысты

7 Тамыз 2010 | 12:43

12

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2010 жылдың 12 шілдесі мен 11 тамызы аралығында «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар – Отанға!» жобасы аясында ұйымдастырған білім беру инновациялық лагерінің жұмысына қатысты.

Лагерьде еліміздің барлық өңірлерінен 18-29 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері мен жастар тобы бас қосты.
Шараның мақсаты — жастар, мемлекеттік мекемелер және бизнес өкілдері арасында олардың бойына сіңірген талант-қабілеттерін айқын көрсететін білім беру алаңдарын құру болып табылады.
1-11 тамыз аралығында өткен лагерьдің «Отаншыл» «Патриот» ауысымы аясында Қор Сараптамалық Кеңесінің мүшелері семинар-тренинг өткізіп, патриотизм мен қазақ тілі, тарихы және мәдениеті туралы пікір-талас, викториналық және дисскуссиялық ойындар өткізді. Сондай-ақ, шарада «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының» Жобасы талқыланды.
Шара пікір-талас түрінде өтті. Қатысушылар бір-бірмен ой бөлісіп, патриотизм мен мемлекеттік тілдің жай-күйі туралы пікір алмасты.
Жиын соңында қатысушыларға М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының аудио-дискісі, бағалы сыйлықтар мен көркем әдебиеттер, қазақ тілін оқытудың әдістемелік құралдары табыс етілді.

Мемлекеттік тілді дамыту
қорының
баспасөз-қызметі