Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі — саяси коммуникацияда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастықтың өкілдері мен саяси лингвистика және тіл білімінің мамандары қатысты.
Әңгіменің өзегі Мемлекеттік тілді дамыыту қорының тапсырысымен Гуманитарлық-саяси конъюктура орталығы әзірлеген қазақ тілінің саяси коммуникациядағы орны туралы сараптамалық баяндама төңірегінде болды.
Қор директоры Берік Әбдіғалиевтың айтуынша: «сараптамалық баяндама қазақ тілінің толыққанды саясат тіліне айналуына кедергі болып отырған факторларды анықтау үшін әзірленді».
Баяндама авторлары «қазақ тілінің саясатқа белсенді енуіне басты кедергі болып отырған себеп, саяси элитаның күнделікті жұмыс тілі әлі күнге дейін орыс тілі болып отырғандығында» — деген ортақ пікірге келді.
Баяндаманы таныстырған Гуманитарлық-саяси конъюктура орталығының вице-президенті Мұхит Асанбаев: «саяси алаңда қазақ тілінің толыққанды дамуы – билік өз қызметінде қазақ тілін қолдануға шын мәнінде көшсе ғана мүмкін болатынын» — атап өтті.
Баяндамашының пікірінше биліктің орталық органдары құжат әзірлеуде, ресми жиналыстарда сөз сөйлеулерде және т.б. жаппай қазақ тілін қолдануға көшуі тиіс.
Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде басты назар үміткердің мемлекеттік тілді білу дәрежесіне аударылуы қажет. Өкінішке орай мұндай норма бүгінгі таңда сақталмай отыр.
Қазақ тілді саяси коммуникация саласындағы зерттеулер мен жариялынымдар мемлекеттік қаржылық қолдауды да талап етіп отыр.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдарға жолданатын басқа да ұсыныстар қабылданды.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- «Қазақ тілі — саяси коммуникацияда» – Астанада өткен «дөңгелек үстел»
«Қазақ тілі — саяси коммуникацияда» – Астанада өткен «дөңгелек үстел»
9 Қараша 2009 | 3:46