Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

26 Шілде 2010 | 12:00


Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік тілді барлығына бірдей батыл қолданысқа енгізу — М.Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік тілді барлығына бірдей батыл қолданысқа енгізу. Бұл туралы бүгін Үкіметте Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өтіп жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілістің отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.
Баяндама жасау кезінде министр алдағы 2011-2020 жылдардағы он жылдық кезеңге тіл саясатын жүргізудің логикасы еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер әкелуі мүмкіндігін, бірқатар проблемалық мәселелер әлі де болса сақталып отырғандығын көрсеткенін айтып өтті.
«Ең алдымен бұл қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі, екіншіден, елде қоғамдық-саяси өмірге мемлекеттік тілдің әлі де болса баяулау енгізілуі. Үшіншіден, тіл мәдениетінің төмендеп бара жатқандығы, төртіншіден, шетел тілдерін меңгерудің баяулығы», — деді М.Құл-Мұхаммед.
«Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бағдарлама жобасы осы проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді бала бақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру», — деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, стратегиялық мақсатты жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі — мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің басты факторы екендігін нығайту, екіншісі — мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі — дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат — Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
/ҚазАқпарат/