Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

25 Қаңтар 2019 | 10:14

«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді.

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:

-тілдің жалғамалылығы;

-тілдің ықшамдалуы;

-тіл дыбыстарының үндестігі;

— дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.

Ережеде:

-латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;

-сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;

-қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;

-қазақтың әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;

-латыннегізді жаңа әліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу баламасы берілді;

-бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тәртібі көрсетілді;

-шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;

-біріккен, кіріккен, тіркесті және қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас әріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тәртібі көрсетілді.

Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы, дәстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалық жақтан қолдануға оңтайлы, жинақы болуы, халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталуы ерекше назарға алынды. Сонымен бірге бұған дейінгі жазу тәжірибесі, тұрақталған нормалары, латыннегізді әліпбиді қолданған және қолдана бастаған түркітектес халықтардың емле тәжірибелері ескерілді.

Бұл Ереженің бастапқы нұсқасын түзу жұмысы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында (Институт) атқарылды.

Институт әзірлеген Ереже жобасы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-практикалық семинар-кеңестерінде бірнеше мәрте қаралып, талқылаудан өткізілді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы еліміздің бірқатар өңірінде ересектер, оқушылар, сондай-ақ, оқытушы-филологтер арасында сынама-сауалнама арқылы тексеруден, республикадағы ЖОО-ның оқытушылары мен тілтанушы мамандарының тәуелсіз сараптамасынан өткізіп, Ережеге соңғы редакциялау жұмыстарын жасап, көпшілік назарына ұсынып отыр.

Қазақ емлесіндегі тың өзгерістер, жаңа қағидалар және олардың ғылыми негіздемесі ортологиялық құралдарда жан-жақты қамтылады. Ереже латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық қазақ әліпбиі бойынша Орфографиялық, Орфоэпиялық, Шеттілдік сөздер сөздіктері, Емлесі қиын сөздер сөздігі, Анықтағыштар мен Нұсқаулықтар, басқа да әдістемелік құралдар түзу мен жасауда, мамандар даярлауда ғылыми-нормативтік тірек ретінде алынатын басты құжат болып саналады.

 

23

 

ТІРЕК ҰҒЫМДАР

Анықтауыштық қатынас – зат пен құбылыстың атауы болатын есім сөз тіркестері сыңарларының арасындағы алдыңғысы анықтайтын, соңғысы анықталатын қатынас.

Атауыштық тіркес – сыңарлар арасындағы бай­ланысы тұрақты, зат пен құбылысты тура мағынада атайтын, бөлек жазылатын күрделі сөз.

Ашық дауысты – жақтың кең ашылуы арқылы тек үннің қатысымен жасалатын дыбыс.

Әріп – дыбыстың әліпбидегі графикалық таңбасы.

Біріккен сөз – бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге жазылатын күрделі сөз.

Дыбыс  – айтылымдағы  ең кіші тілдік бірлік.

Емле – жазу нормаларын қалыптандыратын ережелер жиынтығы, орфография.

Идиомалық тіркес – дайын күйінде қолданылып, бір ұғымды білдіретін, тұтас мағынасы құрамындағы бірліктердің әрқайсысының мағынасына сәйкеспейтін тұрақты тіркестің түрі.

Көмекші есімдер –  зат есімдерге тіркесіп, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын білдіретін сөздер.

Күрделi сөз – сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас жойылып, тұтасқан бірлік ретінде бір мағынаны білдіретін, бір ғана морфологиялық, синтаксистiк қызмет атқаратын, біріккен, кіріккен, қос сөз және атауыштық тіркес түріндегі сөздер.

Күрделі етістік –  екі немесе одан да көп сөздерден жасалып, күрделі қимыл-әрекетті атайтын, бөлек  жазылатын сөздер.

Кірме сөз – қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп жазылатын өзге тілден енген сөз.

Кіріккен сөз – екі не одан да көп сөзден бірігіп, сыңар жігіндегі дыбыстар үндесіп, үйлесе өзгеріске ұшыраған, құрамы сіңісіп кеткен сөздер.

Қос сөз – бір сөздің қайталануынан не сөздердің қосарлануынан жасалған, дефиспен жазылатын күрделі сөз.

Қосымша – сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын грамматикалық бірлік.

Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.

Лексикаланған тіркес – фразеологиялық мағынасынан қол үзген, синтаксистік қатынас көмескіленген, жеке сөз орнына жүретін лексикалық бірлік.

Морфологиялық принцип – жеке сөздің және күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа затқа немесе біреуге тәуелді, меншікті екенін білдіретін қосымша.

Түбір сөз – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы негізгі бөлігі.

Тіл үндестігі  – қазақ тіліндегі бірінші буынның үндесіміне қарай сөздердің бірыңғай  жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын негізгі дыбыстық заңдылығы.

Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажырататын тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.

Фонематикалық принцип – фонеманың негізгі реңкі сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Шеттілдік сөз – жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден енген сөз.

ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

І тарау

ӘРІПТЕР ЕМЛЕСІ

Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі

Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е.

§1. а, е, у, і әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.

§2. а́, о, о́, u, ú әріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat,  tumar; úrdis, úkimet,  júıe, túbegeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші  буынында да жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl.

j, sh мен ı әріптерінің ортасында келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а әрпі жазылады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι,  j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6-ны қараңыз) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar,  tarıh; jospar, ereje, muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; ras, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıá, qaıyń, saı;  ýaqyt, áleýmet, taý. Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh әрпі қатар жазылады.

§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa. 

§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.

ı, ý әріптерінің емлесі

§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.

§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.

Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.

ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi.

§8. uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.

§9. ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý.

Е с к е р т у.  ı әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý.

§10. я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.

Е с к е р т у.  и  (ı) әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa,  jarıa.

ІІ тарау

ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ.

ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

Түбір сөздер емлесі

Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.

§11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.

§12. Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.

Қосымшалардың жалғануы

§13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.

§14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa,  juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.

§15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру),  kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn — oıyny.

Е с к е р т у. Мағынасына  нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин), .

§16. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnásinа, kúnásinаn, kýásinа, kýásinаn, kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.

§17. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).

§18. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ, m дауыссыздарынан басталатын  қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).

§19. Сөз соңындағы k, q, p әріптері тәуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы  жалғанғанда, g, ǵ, b ( ýболып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip,  jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

§20. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasylar, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

§21. Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тәрізді араб, парсы тілінен енген  және -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай  жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.

ІІІ тарау

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§22. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, bota kóz, qara shaı, at qora, maqta maıy, quraq kórpe.

§23. Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń toǵyz júz elý úsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir.

§24. Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.

§25. Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.

§26. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin;  túske sheıin;  qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de;  halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken? Suraq pa?  Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?

§27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tók, ýda-shý тәрізді лексикаланған тіркестер бірге әрі дефис арқылы жазылады.  

§28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.

Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.

§29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq, shubar tós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, bet burdy, ıin tires. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý, atsalysý, aqkóńil (§38-ді қараңыз).

IV тарау

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§30 Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).

§31. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.

§32. Ásire, bir, kóp, jalpy, бей және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, últra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol; agrokeshen; antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym; kınoqondyrǵy; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret; elektrsúzgi.

§33. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақанықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.

§34Esh, ár, keı, bir, qaı, qaısy, álde сөздерімен келген есімдік, сын есім, үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: eshkim; árkim; ártúrli; keıbir; birdeńe; qaıbir; qaısybireýler; áldeqalaı.

Е с к е р т у. Ár, keı, bir, qaı, álde сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: ár el; keı bala; bir jumys; qaı zaman; álde shyn, álde ótirik.

§35. Бірінші сыңары aq, qara, sary, kók, qyzyl, ala, boz тәрізді түс атауларымен келетін ботаникалық, зоологиялық терминдер бірге жазылады: aqıyq (құс), aqshabaq (балық); qaraqus, qaraaǵash (өс.); saryandyz (өс.), sarygúl; kókqutan (құс), kókbasshóp (өс.); qyzylqasqyr (аң), qyzylbıdaı; alabuǵa (балық), alabulbul (құс); bozbetege (өс.), boztorǵaı. Үш құрамнан тұратын ботаникалық, зоологиялық атаулардың алдыңғы екі сыңары бірігіп жазылады: aqbas sıyr, sarybas jylan.

§36Лексикалық мағынасынан ажыраған qoı, sıyr, túıe, bota, qozy, at, qoıan, aıý, bóri, qasqyr, ıt немесе qum, sý, bal, ý, sor сөздерімен тіркескен ботаникалық, зоологиялық атаулар бірге жазылады: qoıjýsan (өс.), sıyrjońyshqa (өс.), botabúrgen (өс.), qozygúl (өс.), atqulaq (өс.), qoıansúıek (өс.), aıýbaldyrǵan (өс.), aıýbadam (өс.), bóriqaraqat (өс.), qasqyrjem (өс.), ıtbúldirgen (өс.), qumberish (өс.), sýbetege (өс.), balqaraǵaı (өс.), ýkekire, ýbıdaıyq (өс.), sorqańbaq (өс.).

Е с к е р т у. Aq, qara, qyzyl, qońyr, sur, shubar сөздері аң-құс, өсімдік түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: aq alabota, qara qarǵa, sur jylan, shubar baqa.

§37. Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сөздерімен келетін ботаникалық атаулар бірге жазылады: emenshóp, qońyraýshóp; kúımesgúl, qaltagúl; sortiken, shaǵyrtiken; túımejapyraq, sútjapyraq; altyntamyr, beltamyr; totyqus, kókqus; taraqbalyq, qylyshbalyq; qaraqurt, bósirqurt; qyzyljıdek, ıtjıdek; tamyrjemis, torjemis; qaraqat, qyzylqat.

§38. Күрделі сөзге айналған фразеологизмдер бірге жазылады: aqsaqal, aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný, erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý, atsalysý, atústi, atústilik.

V тарау

ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

Қос сөздер  дефис (-) арқылы жазылады.

§39. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-qaıta.

§40. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер және көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý-qyraý.

§41. Сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы, жиынтық және жалпылама мәндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, joǵary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılek-kónshek, et-met.

§42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.

§43. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńirep, ósip-ónip.

§44. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген  -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.

§45. Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 0С-den tómen.

§46. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

§47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer.

§48. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.

§49. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, TMD-ǵa (§73-75 қараңыз).

VІ тарау

БАС ӘРІП ЕМЛЕСІ.

ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

§50. Әрбір жаңа сөйлем бас әріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde qyzǵylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrǵan ákesiniń úlken kesek pishini Abaıǵa jartylaı ǵana kórinedi (M.Áýezov).

§51. Өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталады:

Paıda oılama, ar oıla,

Talap qyl artyq bilýge.

Artyq bilim kitapta,

Erinbeı oqyp kórýge (Abaı).

Жалқы есімдер емлесі

§52. Кісінің аты, әкесінің аты, тегі бас әріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdáli, Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek.

§53. Кісі есімдеріне және -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń, Álıhanǵa; Kúnsulýdyń, Kúnsulýǵa; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıǵaraevanyń, Baıǵaraevqa.

Е с к е р т у. Соңғы буыны á-мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар §16 бойынша жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa, Bilál-ǵa.

§54. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdildá, Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy.

§55. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар айтылымына сәйкес жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Jumaǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.

§56Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl,  Ábdiqadir, Álbeıbarys.

§57Тарихи тұлға есімдеріндегі көмекші сөздер сөз басында бас әріппен, сөз ортасында кіші әріппен дефис арқылы жазылады:  Ábýnasyr ál-Farabı, Leonardo da Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven, Ál-Farabıdiń murasy barlyq túrki halyqtaryna ortaq. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндесіміне сәйкес жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń, -ge); Fon der Gols (-tyń, -qa); Vılgelm fon Gýmboldt (-tyń, -qa).

§58. Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас әріппен және бірге жазылады: Jelaıaq,
Jeztyrnaq, Saqqulaq, Taýsoǵar.

§59. Құрамында bı, jyraý, ata, ana, batyr, abyz, aqyn, bahadúr, han, seri, sal, datqa, sultan, qajy, sulý, begim, hanym, myrza сөздері бар ұлттық-мәдени қоғамдастыққа танымал кісі есімдерінің алдыңғы сыңары – бас әріппен, екінші сыңары кіші әріппен бөлек жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Adam ata, Haýa ana, Qorqyt ata, Domalaq ana, Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilǵazy bahadúr, Abylaı han, Aqan seri, Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan,  Qunanbaı qajy, Baıan sulý, Aısheker hanym, Rabıa begim.

§60. Дәстүрлі мәдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын тұрақты эпитеттер бас әріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz Jibek,  Máshhúr Júsip, Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik.

§61. Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас әріппен және бірге жазылады: Aıtóbel, Qoıankók; Bóribasar, Aqtós, Qaratorǵaı.

Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі

§62. Географиялық және астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады: Alataý, Jetisý, Ertis, Jaıyq; Kún, Аı, Jеr, Sholpan, Jetiqaraqshy, Súmbile, Úrker.

§63. Muhıt, asý, aral, qum т.б. сөздермен келетін жер-су және астрономиялық атаулардың бастапқы сыңары бас әріппен жазылады: Qara teńiz, Tynyq muhıty, Kúngeı asýy, Barsakelmes araly, Borsyq qumy.

§64. Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі сыңары да бас әріппен және бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys Qazaqstan, Qıyr Shyǵys, Taýly Altaı.

§65. Күрделі жер-су атаулары бас әріппен, түбір тұлғасы сақталып, біріктіріліп жазылады: Araltóbe, Úsharal, Kókshetaý, Betpaqdala, Jarkent, Marqakól, Saryarqa, Saryaǵash, Jańaarqa.

§66Қосарланған жер-су атауының екі сыңары да бас әріппен, дефис арқылы жазылады: Aqsý-Jabaǵyly qoryǵy, Úıtas-Aıdos jerasty sýy, Saıram-О́gem ulttyq parki, Balqash-Alakól oıysy.

Күрделі атаулар емлесі

§67. Мемлекет және ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым атаулары бас әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Premer-mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamenti Májilisiniń Tóraǵasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkimeti. Бірақ мемлекеттік лауазым атауларындағы hatshy, mınıstr, depýtat, ákim, orynbasar, basshy, tóraǵa сөздері кіші әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik hatshysy, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamentiniń depýtaty, Túrkistan oblysynyń ákimi, Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdenti ákimshiligi basshysynyń orynbasary, Ádistemelik bólim basshysy, Til komıtetiniń tóraǵasy.

§68. Мемлекеттік әкімшілік-басқару органдары (министрлік, комитет, департамент, кодекс т.б.), заңнамалық құжаттар күрделі атауларының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Ishki ister mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrliginiń Memlekettik múlik jáne jekeshelendirý jónindegi komıteti, Qazaqstan Respýblıkasy Aqparat jáne komýnıkasıalar mınıstrliginiń Aqparattandyrý departamenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Eńbek kodeksi.

§69Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас әріппен жазылады: Ál-Farabı atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndaǵy Tarıh jáne etnologıa ınstıtýty, Qazaqstan Sýretshiler odaǵy, Abaı atyndaǵy Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq ýnıversıtetiniń Tarıh fakúlteti, Shyǵystaný fakúltetiniń Shyǵys fılologıasy kafedrasy; Til bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Til bilimi ınstıtýtynyń Ǵylymı keńesi.

§70. Ғимарат, ескерткіш, көркем әдебиет, музыка, сәулет, өнер туындылары атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, Qazmedıa ortalyǵy, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, I.Esenberlınniń «Kóshpendiler» trılogıasy, «Alasapyran» romany, «Aıqyn» gazeti, «Qazdar qaıtqanda» áni, «Máńgilik el» monýmenti.

§71. Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Aqtaban shubyryndy, Jeltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, Qazaqstan halqynyń birligi kúni, Bilim kúni.

§72. Мемлекеттік марапаттар, атақтар бас әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik syılyǵynyń laýreaty, «Halyq qaharmany» ataǵy, «Altyn qyran» ordeni, «Eren eńbegi úshin» medali, «Altyn alqa» tósbelgisi.

 VІІ тарау

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§73. Басқы әріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас әріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń, JShS-ǵa; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.

§74. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік мәртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; EXPO-nyń, -ǵa.

§75. Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa; Eýroodaq-tyń,-qa.

VIIІ тарау

ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

§76. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar),planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar),barmen (-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler).

§77. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp.

§78. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba  (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).

§79. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars,  korporasıa, senarı, abses, plebısıt.

§80. щ әрпі sһ әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).

§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.

§82. ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser, lúks,  valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.

§83. я әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады.

Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.

§84. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -qa, -ta), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke

Толығырақ: https://egemen.kz/article/180567-zhanha-alipbi-negizindegi-qazaq-tili-emlesininh-erezheleri