Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІII республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезенің үстіміздегі жылдың 7-9 қантар аралығында Астана қаласында № 3 мектеп-гимназиясында өткізеді.
Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысады. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
On-line режимінде өткен I кезеңге 1611 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша ең жоғары балл жинаған 5-10 сыныптар жүлдегерлері олимпиаданың қорытынды II кезеңіне Астана қаласына шақырылады.
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтары тапсырылады.