Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды

30 Қазан 2018 | 9:11

«Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры директорының орынбасары Султан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.
«Кім білгіш?» турнирі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Жобаның мақсаты — оқушылардың интелектуалдық және танымдық қабілеттерін ынталандыру, шығармашылық және білім деңгейін көтеру, IT саласында білім қалыптастыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, бәсекелестік рухын дамыту, сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.
«Кім білгіш?» турнирі үшінші рет өткізілуде. Алдыңғы екі ойын нәтижесі бойынша республиканың әртүрлі аймақтарынан келген 22 жоғарғы сынып оқушылары арнайы дипломдар мен ноутбук, планшет және смартфондар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болған.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры директоры Қанат Жұмабаев: «Кім білгіш?» турнирі сәтті жоба болғандықтан, ойын жылдан жылға танымал болып келеді, сол себепті 2019 жылы да өткізуді жоспарлап отырмыз.» — деді.
«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша.
Екі кезеңнен тұратын турнир онлайн түрінде, жазғы демалыс кезінде өтті.
Осы жылы Республиканың әртүрлі өңірлеріндегі оқушылар белсенділік танытып, 7 мыңға жуық мектеп оқушылары қатысты. Финалға ең көп ұпай жинаған 8 оқушы өтті. Ақтық ойын Астана қаласында болды, ол жерде үздік ойыншылар эрудиция және жылдамдығымен жарысты.
Осылайша, қазақтілді ойыншылар арасында 1 орынға Орал қаласынан 11 сынып оқушысы Исабек Мұратов, 2 орынға Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы Нұрайша Қайысбекова, 3 орынға Шымкент қаласынан 10 сынып оқушысы Әміржан Құдайберген ие болды.
Орыстілді ойыншылар арасында 1 орынға Семей қаласынан 11 сынып оқушысы Антон Мануленко, 2 орынға Алматы облысынан 10 сынып оқушысы Рамиля Ахмет, 3 орынға Алматы қаласынан 10 сынып оқушысы Ерасыл Ернарұлы ие болды.
Финалға қатысқан екі ойыншы арнайы диплом мен ынталандыру сыйлығына ие болды.
Турнирдің жеңімпаздарына «2018 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноутбук, планшет, смартфон сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс шараның соңында ұйымдастырушылар «Кім Білгіш?» мобильді ойынының сұрақтары бойынша көрермендер арасында викторина өткізді, өздерін ерекше көрсете білгендер арнайы сыйлықтарға ие болды.

_DSC9584

 

 

246923720_385460_12813522560524512980