2018 жылдың 28 тамызында Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен бірлесіп ұйымдастырған «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
«Қасиетті жол» орталығының қызметкерлері, ата-аналары мен болашақ оқушылар мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Қор директоры А. Шәуеев өзінің құттықтау сөзінде оларға өмір жолының жаңа белесінде жетістік пен сәттілік тіледі.
Іс-шарада оқушыларға қажетті кеңсе құралдарымен толық жабдықталған сөмкелер сыйланды. Сонымен қатар Қор әр балаға қазақ тіліндегі балаларға арналған «Тәтті алма» жинағын сыйға тартты.
Ұйымдастырушылар үшін «Қасиетті жол» орталығының балаларына көмек көрсету жақсы дәстүрге айналды және бүгінде олар балалармен және олардың ата-аналарымен бұл қуанышты сезімді бірге бөлісті.
Анықтама:
Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі