Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тілді дәріптегені үшін

25 Маусым 2010 | 6:47


Тілді дәріптегені үшін – Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін кең насихаттағандары үшін журналистерге сыйлықтар тапсырды.

Бұл журналистік марапаттың мақсаты – баспасөз бен электронды БАҚ-тың Қазақстандағы тіл үрдістерін жан-жақты және шыншыл көрсететін, қазақ тілінің құндылығы мен маңызы туралы тартымды материалдар жазатын, өз кәсіби қызметінде қазақ тілін жетік меңгерген қызметкерлерін ынталандыру.

Қордың әрқайсысы 50 мың теңге көлеміндегі алғашқы үш ақшалай сыйлығына мына журналистер лайық деп табылды: «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Ержан Байтілес, «Казахстансая правда» газеті бас редакторының орынбасары Сәбит Малдыбаев, Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Қабдылқайыр Құдайбергенов.

Қордың директоры Азат Шәуеевтің айтуынша, Қордың жаңа журналистік сыйлығы қазақ және орыс тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының, аймақтық басылымдар мен интернет-БАҚ-тың барлық түрлеріне мониторинг жасау арқылы жылма-жыл тапсырылатын болады.