Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІI республикалық қашықтық олимпиадасы өтті

5 Қаңтар 2018 | 6:50

DSC_0290Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІI республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 3-5 қантар аралығында Астана қаласында халықаралық «NURORDA» мектеп-лицейінде өткізеді.

Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысады. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

On-line режимінде өткен I кезеңге 1558 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша ең жоғары балл жинаған яғни, 5 – 8 сыныптар 100 — 95 балл; 9 — 10 сыныптар 97-91 балл олимпиаданың қорытынды II кезеңіне Астана қаласына шақырылады.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері түркітілді және славянтілді топтар бойынша қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтары тапсырылады.