Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XVIII республикалық Абай оқулары өтті

19 Қыркүйек 2017 | 3:48

 

2017 жimg-20170910-wa0048ылғы 10-13 кыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен XVIII республикалық Абай оқуларын өткізді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты — мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және оларға қолдау көрсету, ұлылыр поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Республикалық Абай оқулары номинациялары:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрімimg-20170910-wa0027 шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

— «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

«Ұлылар әлемі» — Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» оқу тіліне қарамастан облыстық кезеңнен жүлделі орын алған 4 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан дәстүрлі түрде екі команда: облыс пен Абай ауданының құрама командалары, жалпы республика бойынша 72  оқушы қатысты.

XVIII республикалық Абай оқуларына қатысушылардың орындауларын білікті қазылар алқасы бағалады.

Жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 12-қыркүйек күні, сағат 18.00-де Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінде өтті.

Байланыс телефоны: 8/7172/ 27 26 09

img-20170913-wa0096