Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2020 жылы еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі тиіс деп мәлімдеді

14 Сәуір 2010 | 12:35

Қазақстан халқы түгел қазақша сөйлеуі үшін әлі 10 жыл керек көрінеді. Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов 2020 жылы еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі тиіс деп мәлімдеді. Ол үшін Үкімет тағы да мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын әзірлеп, тағы да қыруар ақша бөлуді жоспарлап отыр.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
-Бізге биыл не істейтінімізді, келесі жылы қандай шаруа тындыратынымызды нақтылап беретін мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы қажет. Әрбір азамат енді 10 жылдан кейін қазақ тілінде еркін сөйлеуге міндетті!
Осылайша, мемлекеттік тілдің бұдан әрі қалай дамитыны енді Мәдениет министрлігі әзірлейтін жаңа бағдарламаға байланысты болмақ. Себебі 2001 жылы қабылданған құжаттың мерзімі биыл бітіп отыр. Ол бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тілге деп талай қаржы бөлініп, талай шара ұйымдастырылғаны белгілі. Алайда бұл қаражаттың қалай жұмсалғанын тексеріп жатқандар көрінбейді. Ең өкініштісі, қазақ тілінің жайы болса, сол баяғы жартас – бір жартас күйінде қалып отырғаны жасырын емес. Мұның нақты мысалы ретінде әлі күнге дейін сәлемдесуден ары бара алмай отырған дәл осы Үкімет мүшелерін айтуға болады. Осыдан болса керек, Премьер-министр Кәрім Мәсімов жаңа қабылданатын бағдарлама нәтижелі болуы қажеттігін тапсырды. Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі Үкіметтің 2020 жылға дейінгі жоспарындағы негізгі 3 бағыттың бірі болып отыр.
Нұржан Сабырұлы,
КТК