Бүгін Мемлекеттік тілді дамытудың қоры жанындағы Тілдік саясат мәселелері жөніндегі АСТАНА қаласы бойынша Сараптамалық Кеңес құрылып, жұмысын бастап кетті.
Кеңес құрамына 13 тіл мамандары мен қоғамдық сарапшылар енді. Алғашқы отырысты Мемлекеттік тілді дамытудың қор директоры Берік Әбдіғали ашып, Кеңес міндетімен таныстырды.
Сараптамалық Кеңестің мақсаты — мемлекеттік тілді дамытуға қоғамдық сарапшылардың, мамандар мен тіл жанашырларының білімдері мен біліктерін жұмылдыру және тіл саясаты жолында бағдарламалар мен жобалар әзірлеу, қазақ тілін насихаттауға пайдалану. Кеңестің үйлестірушісі болып, Мемлекеттік тілді дамытудың қор директорының орынбасары Серік Ерғали, хатшысы ретінде «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» қоғамдық қорының директоры Айгүл Ахметқалиева сайланды.
Кеңес өзінің алғы отырысында ережесі мен жұмыс жоспары бекітті. Бүгінгі өзекті тақырыптың бірі болып табылатын ҚазТЕСТ жүйесін енгізуге қатысты әзірленген Қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтау талабын құзыреттіліктерін белгілейтін мемлекеттік стандарттар жобасын қарап, оны негізінен мақұлдады.Кеңес мүшелері ҚазТЕСТ жүйесі бойынша қараша айында өздері қазақ тілі бойынша тестілену арқылы оның қандай деңгейдегі жүйе екеніне көз жібермек.
Сондай-ақ, Қордың қолға алып отырған «Қазақ альманағы» журналын шығармашылық жағынан қолдау туралы жан-жақты талқылады.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Астанада Тілдік саясат жөніндегі Сараптамалық Кеңес құрылды
Астанада Тілдік саясат жөніндегі Сараптамалық Кеңес құрылды
6 Қазан 2009 | 3:40