Мемлекеттік тілді дамыту қорының Конкурстық Комиссия отырысының №1 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы 2009 жылғы 18 маусым
Қ. Сұлтанов төрағалық етті
Қатысқандар: А.Ә. Айталы, М.М. Әуезов, Е.Т. Карин, Д. Қамзабекұлы, Б.Б. Белғара, Н.Г. Дементьева, Б.Б. Әбдіғали.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Орыстілді басылымдар арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын ең үздік мақала» атты байқаудың жеңімпаздарын іріктеу.
2. Мемлекеттік тілді дамыту қорының Гранттарын беру туралы.
Бірінші сұрақ бойынша Қордың атына түскен 33 жарияланым сарапталып, байқаудың шарттары бойынша іріктеуден 15-сі өтті. Конкурстық Комиссияға жарияланымдардың арасынан бірінші үш жеңімпазды анықтау ұсынылды. Екінші сұрақ бойынша Байқауға келіп түскен 107 жобадан іріктеліп, сарапшылардың қарауынан өткен 27 жоба Конкурстық Комиссияға шешім шығаруға ұсынылды. Конкурстық Комиссия 24 жоба иелерін жеңімпаз ретінде шешім қабылдады.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының Гранттарын беру жөніндегі Конкурстық Комиссия отырысының ШЕШІМІ:
1. Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Орыстілді басылымдар арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын ең үздік мақала» атты байқаудың жеңімпаздары болып төмендегілер бекітілсін.
1 орын – «Экспресс К» газетінің редакциясына 300 мың теңге жүлде берілсін.
2 орын – «Время» газетінің Семей аймағы бойынша меншікті тілшісі Гузеева Миланаға 200 мың теңге жүлде берілсін.
3 орын – «ҚазАқпарат» агенттігінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі Ливинцова Вераға 100 мың теңге жүлде берілсін.
2. Мемлекеттік тілді дамыту қорының Гранттарын беру туралы байқауының жеңімпаздары бекітілсін (тізім қоса тіркеледі).
3. Осы хаттаманың шешімі баспасөз маслихатында жариялансын.
Төраға Қ. Сұлтанов
Хатшы Б. Әбдіғали