Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» «Мінбер», «Назар», «Алтын Орда» сайттарының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінгі таңда адамзат баласының тыныс-тіршілігін интернетсіз елестету мүмкін болмай барады. Алайда, инернет-журналистиканың еліміздегі ақпарат кеңістігінде адымы ашылмай тұрғаны белгілі. Міне, осы олқылықты жою мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» қоры біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Соның бірі ретінде қазақ тілді интернет сайттарын қолдау барысындағы нәтижелі еңбектерді атауға әбден болады. Таяуда «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының жәрдемімен үш бірдей интернет сайты өмірге келді. Олар: «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, қазақтілді БАҚ-та жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып басатын «Алтын Орда» интернет газеті және қазақ журналистерінің қоғамдық қоры ашып отырған «Назар» (zamandas.kz) интернет газеті. «Бүгінде қазақтың электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді баспасөзі дамығанмен интернет журналистикасы өз деңгейінде емес. Соның салдарынан болса керек, қазақтілді аудитория орыс газеттері мен интернет сайттарына жүгініп, ақпаратты солардан алуға мәжбүр. Аталған сайттардың негізгі мақсаты жоғарыда айтылған олқылықтардың орнын толтыру болып табылады. Өз кезегінде үш сайт та қазақ интернет журналистикасын дамытуға үлес қосып, осы салада өз қолтаңбаларын қалдырады деген сенімдеміз», — дейді баспасөз мәслихатын өткізген әріптестеріміз. Баспасөз мәслихатында «Мінбер», «Алтын Орда», «zamandas.kz» сайтының жеткшілері қатысып сөз сөйледі. — Қазақ тілінде сайт ашудың пәлендей қиындығы жоқ екен. Оқырман аудиториясы да қалыптасып үлгеріпті, — деді баспасөз мәслихатының барысында «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» директоры, abai. kz ақпарттық порталының қызметін үйлестіруші Айдос Сарым мырза. — Біз, қазақтілді интернет сайттарының жұмысын жолға қойып бастаған журналистер, арзан атаққа ұмтылатын бәсекелес емес, алдымен тілеуқор әріптеспіз, — деді белгілі журналист, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін ұйымдастырушылардың бірі Есенгүл Кәпқызы abai. kz ақпарттық порталының тілшісіне. Әріптестерімізге біз ақпарат кеңістігінде зор абройға ие бола беріңдер деп тілейміз.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақша сайттар ашылды
Қазақша сайттар ашылды
18 Қыркүйек 2009 | 3:38
Видео
Мұрағат →Өзге жаңалықтар
Мұрағат →-
Қазақша сөйлеу клубы Soyle платформасымен бірге Павлодар қаласында
13 Қараша 2024
2024 жылы 11 қарашада Павлодар қаласындағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қазақ тілін дамыту мен үйренуге арналған «Сөйлесу клубы» өтті. Іс-шараға Soyle платформасының өкілі Азат Шауеев, жазушы және абайтанушы Болат Жүнісбеков, қазақ тілін оқыту әдістемелерінің авторы Шолпан Кинжикова, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер мен Павлодар қаласының тұрғындары қатысты. Олар қазақ тілін дамытуға […]
-
9 қазанда Петропавл қаласында спикинг-клуб өтті
28 Қазан 2024
2024 жылдың 9 қазанында Петропавл қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Soyle.kz қазақ тілін үйрену платформасы ұйымдастырған спикинг-клуб өтті. Іс-шара қала тұрғындары арасында қазақ тілін үйрену мен оны насихаттауға бағытталды. Бейресми жағдайда қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, тілді меңгеру тәжірибелерімен бөлісті, әндер айтып, қазақ тілінде еркін сұхбат құрды. Азат Шәуев Soyle.kz платформасы арқылы қазақ тілін тегін үйрену […]
Бізге қосыл!
- Вконтакте