Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты IX республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы шығырылды.

8 Қаңтар 2015 | 10:12

Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» IX республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

On-line режиминде өткен I кезеңге 1972 оқушы қатысты.

2014 жылдың 5 — 7 қаңтарындағы қашықтық кезеңінің қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған қатынасушылар «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтетін соңғы кезеңге шақырылды.

Олимпиаданың I, II кезеңдерінің тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мамандарының дайындауымен құрастырылды.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімдері грамоталармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның сертификаттары мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы сыйлықтары тапсырылды.

Мәдени іс-шаралар аясында олимпиадаға қатысушылар Бурабай-курорттық зонасына саяхат жасады.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі