Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Тәуелсіздікке ұмтылыс» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды

12 Желтоқсан 2014 | 12:37

Кеше Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен Тәуелсіздік күніне арналған қалалық мектеп оқушылар арасында «Тәуелсіздікті нығайтуға бәріміз жұмылайық!» атты танымдық кеші өткізілді.

Кештің мақсаты – жас ұрпақтың бойына ел тәуелсіздігін нығайтуға аса қажет адамгершілік, отансүйгіштік, білімге құштарлық, бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты рухани парасаттылық құндылықтарымызды қалыптастыру мен дамыту. Алаш арыстарының азаттыққа ұмтылған қайсарлықтарын олардың шығармаларынан танып-білу және қазіргі заман батырларының тәуелсіздікке жету мен оны нығайту жолындағы еңбектерінен үлгі-өнеге алу.

Бұл шара «Тәуелсіздікке ұмтылыс» атты оқушылар арасында өткен шығармашылық байқауын қорытындылады.

Жиын соңында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушыларға Қордың арнайы сыйлықтары тапсырылды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз-қызметі