Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Мемлекеттік тілді дамыту қоры оқушылармен кездесу өткізді

27 Қараша 2014 | 5:04

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 26 қараша күні Ақмола облыстық дарынды балаларға арналған №2 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Бұл шараның мақсаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жас мемлекетіміздің қалыптасуындағы рөлі мен қызметі туралы балаларды таныстыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Кездесуде Қор қызметкерлері Мемлекет Басшысының жаңа Жолдауының мақсаты мен бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу соңында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне қазақша әлемдік және қазақ классиктерінің еңбектері, оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті cыйға тартылды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі