Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауының қорытындысын шығарды

10 Желтоқсан 2013 | 9:14


Үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Астана қаласының Ұлттық баспасөз-клубында Мемлекеттік тілді дамыту қоры қыркүйекте жариялаған «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауының қорытындысына арналған баспасөз-конференциясын өткізді.

Шараға Қор Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов, «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, журналист Болат Жүнісбеков, белгілі тележүргізуші Юлия Кушнарева және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

Бұл шара қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық русурстар мен сервистерді дамыту, үздік қазақтілді интернет-ресурстарды анықтау, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды дәріптеп жүрген интерент-сайттарды ынталандыру мақсатында өткізіліп отырған алғашқы байқау.

Байқауға қатысуға барлығы 12 өтінім түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды 5 аталым бойынша анықтады. «Өткір тіл» аталымы бойынша мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік интернет-сайт болып www.ult.kz ақпараттық порталы таңдалды. «Рухани азық» аталымы бойынша үздік болып әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы www.massagan.com интернет-сайты дараланды. «Терең ізденіс» аталымы бойынша тарихымызды насихаттаушы www.abay.kz сайты үздіктер қатарына шықты. Ал «Шынайы өмір» аталымы бойынша қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін www.minber.kz және «Спорт тынысы» номинациясында спорт және салауатты өмір салтын насихаттаушы www.alasharena.kz сайты үздік деп танылды.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай сыйлығымен, әрбір аталым бойынша әзірленген статуэткамен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы дипломымен марапатталды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
Баспасөз қызметі +7 7172/ 743690, 74-29-09 www.qazaq-found.kz