Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі

25 Қараша 2013 | 3:57

2013 жылғы 25 қараша күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қор «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
Бұл шараның мақсаты — жастардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне, көп ұлтты Отанымызға деген мақтаныш қалыптастыру.
Осы басқосуда еліміз үшін аса маңызды мәселе – мемлекеттік тілдің келешегі төңірегінде ой бөлісіп, пікірлер айтылды. «Мемлекеттік тілдің дамуы еліміздің болашағының баянды болуымен тікелей байланысты. Сондықтан туған тілдің тағдыры мемлекет тарапынан назардан ешқашан тыс қалған емес, қалмайды да. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін халыққа жеткізе отырып, мемлекеттік тілді өркендетуді ел саясатының ең маңызды бағыттарының біріне айналдырғаны туралы айтылды.
Жиын соңында жастар мемлекеттік тіл рөлінің, оның елдің қоғамдық өмірінің барлық салаларында қажеттілігінің артуы және Елбасының қазақ тілінің мәртебесін дамытуда және арттыруда ерекше бірізділілігі ерекше атап өтті.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі