Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Менің Қазақстаным – менің болашағым

29 Қараша 2013 | 11:50


Үстіміздегі жылғы 29 қарашада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қор ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырып «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты республикалық конференцияны өткізді. Конференцияға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, мектеп мұғалімдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Конференцияны жазушы, саясаттанушы Болат Жүнісбеков жүргізді.
Жиынды Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев ашып, баяндамасын ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы келесі сөздерінен бастады: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».
Сонымен қатар, конференцияда Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, профессор Айман Алдаш сөз сөйледі: «Патриотизмді тәрбиелеу – өз Отанының патриоты – азаматқа тән қасиеті бар тұлғаны дамытуға бағытталады. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой».
Өз ойларымен Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, ақын Бақытжан Тобаяқов, Астана қаласының №1 Музыкалық мектебі директорының міндетін атқарушы Жанат Файзулина, т.б. бөлісті.
Жиын соңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мектеп оқушылары мен ұстаздарына қазақ тіліндегі отандық және әлемдік классиктердің көркем шығармаларын тарту етіп, конференция қатысушылары Астана қаласының №1 Музыкалық мектебі оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Қордың Баспасөз қызметі